Білім • 29 Қыркүйек, 2020

"2020-кәсіби маман мектебі" жұмыс айының қорытындысын шығарды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «2020-кәсіби мамандар мектебі» ашылғанынан бірі бір ай өтті. Құрылыс шеберлерінің дәрістері қатысушылар арасында үлкен қызуғышылық тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"2020-кәсіби маман мектебі" жұмыс айының қорытындысын шығарды

Мектебімізде төрт колледждің студенттері құрылысқа байланысты пәндерді онлайн режимде оқуда. Осылайша, жобаға «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, ҚазАТК Ақмола көлік колледжі, «Тұран» колледжі және Нұр-Сұлтан политехникалық колледждері қолдау көрсетті.

Сабақтар тегін және осы жылдың соңына дейін жалғасады.

«Біз өз кәсібіміздің беделін көтеруге және лайықты құрылысшылар ұрпағын тәрбиелеуге тырысамыз. Сондықтан студенттерге өз ісінің майталмандары сабақ береді», - дейді жоба авторы, кәсіпкер Талғат Қожахметов.

Дәрістерді PhD докторы, РАЭ профессоры, жоғары санатты дәрігер, MUA АҚ «СНП және анестезиология-реанимация» кафедрасының доценті , Алексей Кокошко халықаралық нұсқаушы BLS, ACLS, техникалық қадағалау департаментінің директоры Кәрімжан Бекбаев, BI Group холдингінің стандарттау және автоматтандыру бөлімінің, жобаларды басқару департаментінің Ирина Исаева, HR шеберлері Розалина Чичерова және София Акмешева оқығанын атап өткен жөн.

«Біз бірінші онлайн мектептің оқушылары болғанымызға өте қуаныштымыз. Спикерлерден алған білім кейде бірнеше сағаттық теорияға қарағанда пайдалырақ. Алған білімімді тәжірибеде көргім келеді», - деп жазады өз пікірлерін оқушылар.