Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Шымкент қаласының әкімі Оңтүстік Кореяның Бас консулымен кездесті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімі Оңтүстік Кореяның Бас консулымен кездесті

Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан қала басшысы Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды.
Мұрат Әйтенов миллионнан астам халқы бар қаланың дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтып, бұл орайда инвестициялық бестіктің әрдайым алдында жүретін Корея елінің орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ, кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.
Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту деді.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.