Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

СІМ "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің инвестициялар саласындағы жұмысы

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Адалдық алаңы" жобасының инвестициялық саладағы жұмысы ҚР Сыртқы істер министрлігінде басты бағыттарының бірі. Шетелдік бизнес өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, келісімшарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлықтың болмауы, мемлекеттік қызметтермен қолданудың қолайлығы, оларды автоматтандыру – осының барлығы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің "Адалдық алаңы" менеджерлерінің мониторингі саласына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СІМ "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің инвестициялар саласындағы жұмысы

Бүгін жобалық кеңсенің басшысы және ҚР СІМ "Адалдық алаңы" кеңесінің мүшелері Инвестициялар комитетіне барып, онда комитетпен жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыспен танысты. Комитетте дербес жоба жұмыс істейді, оны Комитет төрағасының орынбасары Шыңғыс Сауранбаев басқарады.

Инвестициялар жөніндегі Комитетіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі екпін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен цифрландыруға және барлық жерде "бір терезе" қағидатын енгізуге жасалады. Жұмыс процестерін электрондық форматқа көшіру мемлекеттік қызметтерді алу кезінде инвесторлар үшін үлкен қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және оларды көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартады. "Бір терезе" қағидаты инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді қамтиды. Инвестициялар жөніндегі Комитет құратын фронт-офистерде Қазақстан экономикасына инвестиция құятын тұлғалар өздерінің қызметі үшін қажетті негізгі қызметтерді ала алады. Инвестиция саласындағы "Адалдық алаңы" жобасының менеджерлері үшін бұл үдерістердің барлығы тұрақты бақылау объектісі болып табылады.

"Мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа байланысы туралы пікір, әдетте, оның нашар жұмысының салдарынан қалыптасады. Өздеріңіз білетіндей, жүйелі сыбайлас жемқорлық экономикаға теріс әсер етеді және инвесторлардың теріс пікірін қалыптастырады. Біздің жобамыздың мақсаты – қызмет алушылардың сеніміне ие болу", деп атап өтті Ш.Сауранбаев. Күш-жігерді қолданудың таңдалған бағытының дұрыстығы көрсеткіштерінің бірі ретінде Комитет қызметкерлерінің кәсіби жұмысын атап өтетін инвесторлардың пікірлері бола алады.

Дегенмен, "Адалдық алаңы" жұмысының қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде күш-жігерді тынымсыз және тұрақты түрде ұлғайтуды талап етеді. Кездесу барысында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің барлық салаларында "Адалдық алаңы" жобасының жұмысын жандандыру мәселелері және жақын арадағы перспективаға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.