Оқиға • 01 Қазан, 2020

Ауылда пальма ағашы өседі

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданындағы Сай-Өтес орта мекте­біндегі жылыжайда 74 түрлі тропикалық өсімдік өседі. Күн райы – 15 градус көрсетіп тұрса да, жылыжай өзіндік температурасын сақтайды.

Ауылда пальма ағашы өседі

– Маңғыстауда өс­пей­­тін тропикалық өсім­дік­тердің түр-түрі осы жы­лы­жайдан кездеседі. Бұ­лардың пайдасы лас ауан­ы сорып, оттегі бөліп шы­­­­ғарады. Мұндағы тәтті бол­­­­гар бұрышын да, ерекше гүл­дерді де, тропикалық ел­де өсетін пальма ағашын Маң­­­ғыстаудан көрудің өзі бір ғанибет. Өсімдіктерді баптап, күтім жасауға, шә­кірт­теріне құнды ақпа­рат беріп, құпиясын ашу­ға тәрбиелеген мектеп ұс­таз­­дарының еңбегі ерен. Түрлі гүлдерді өсіру арқы­лы ауыл балаларының эко­логия мәдениетін қалып­тастыруға тигізер септігі мол, – деді Сай-Өтес орта мек­тебі директорының мін­детін атқарушы Гүлсім Нәдірова.

Ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктерді 2007 жыл­дан бері мектеп қыз­меткері күтіп-баптап ке­ле­ді. Жылыжайда өсетін 74 түрлі өсімдік тамшыла­та суару әдісі арқылы суарылады. Оқушылар жы­­лыжай ішіне ғылыми жұ­мыстар жүргізеді. Айта ке­тейік, карантинге дейін мұнда өскен қияр мен тәтті болгар бұрышын асханада оқушыларға берілетін тағамдарға пайдаланған.

 

Маңғыстау облысы