2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгерген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зардап шеккен аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі. 9 шілдеде алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады. Коронавирустан қорғану талаптары туралы ұйымдастырушылар кейінірек хабарлайды.