Спорт • 01 Қазан, 2020

Италияға бет алды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қазанда велоспорттан «Тур де Франс» жарысынан кейінгі орында тұра­тын «Джиро д’Италия» гранд-туры бас­талады. 15 қазанға дейін созыла­тын көпкүндікте Қазақстанның «Ас­тана» велоклубының да спортшылары бақ сынайды.

Италияға бет алды

Сонау 1909 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дүбірлі дода биыл 103-мәрте өткізіліп жатыр. Италия тас жолдарындағы дәстүрлі жарыста қазақстандық команда жыл сайынғы бәсекеде тәуір өнер көрсетіп жүр. Тіпті «Астананың» екі велошабандозы үш рет жарыс жеңімпазы атанған. Атап айтсақ, 2008 жылы испаниялық Альберто Контадор бір рет және 2013, 2016 жылдары италиялық Винченцо Нибали екі мәрте осы жарыстың бас жүлдесін олжалап, «Астананың» абыройын асқақтатқан еді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерде басқа да велошабандоздарымыз тұғырдың биік сатысынан көрінді.

Биылғы жарысқа «Астана» велоклубынан мына спортшылар қатысады: Якоб Фульсанг, Александр Власов, Мигель Ан­хель Лопес, Юрий Натаров, Мануэле Боаро, Фабио Феллине, Вадим Пронский және Оскар Родригес.