Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Қостанай облысында қызыл кітапқа енген қазды атқан браконьерлер ұсталды

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ерекше қорғауға алынған қызыл жемсаулы қараша қазды атқан Қамысты ауданының екі тұрғынын қамауға алды. Күдіктілерді тексеру барысында олардың сирек кездесетін бірнеше дала үйрегі мен отүйректерді де атып алғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында қызыл кітапқа енген қазды атқан браконьерлер ұсталды

"Қостанай облысында  аң аулау маусымына байланысты рейд шаралары күшейтілді.  Кезекті рейд барысында қызыл кітапқа енген құстарға оқ ату ату дерегі тіркеліп отыр. Күдіктілерден табылған аңшы мылтығы мен оқтар тәркіленіп алынды. Қазір Қамысты аудандық полиция бөлімі "Заңсыз аң аулау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы Талғат Ахметов.

Тергеу барысында соттық-медициналық, биологиялық, трассологиялық, баллистикалық сараптамалар тағайындалып, мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелуде.

Қостанай облысы