
"Орташа нарықтық құнын өтеуді комиссия жүзеге асырады. Арнайы штабтар құрылды. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ-сі құс иелерінің сараптама, жою актісі, құс тұмауынан болған өлім-жітімді растайтын құжаттары және арнайы шотты ашқан кезде ғана қаржыны аударады. Комиссия өтемақыны Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің құстардың түрлері бойынша деректері негізінде анықтайды", - деді спикер.