08 Қараша, 2013

Денсаулық сақтау стратегиясы – аурудың алдын алу

2848 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

01-А.ЕсмагамбетоваАлматы қаласында 1978 жыл­ғы қыркүйек айында өткен ме­дициналық-санитарлық алғашқы жәрдем жөніндегі Халықаралық конференциясының қатысушылары қабылдаған Декларация дүние- жүзінің көптеген елдерінде денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларына негіз болды.

Декларацияда халық денсау­лығын сақтаудағы маңызды мәсе­лелерді шешуге арналған ең басым бағыттар көрсетілген. Бұлар – дұрыс тамақтану, сапалы сумен жабдықтау, ана мен бала денсаулығын сақтау, иммундауды қамтамасыз ету, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу.

 

01-А.ЕсмагамбетоваАлматы қаласында 1978 жыл­ғы қыркүйек айында өткен ме­дициналық-санитарлық алғашқы жәрдем жөніндегі Халықаралық конференциясының қатысушылары қабылдаған Декларация дүние- жүзінің көптеген елдерінде денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларына негіз болды.

Декларацияда халық денсау­лығын сақтаудағы маңызды мәсе­лелерді шешуге арналған ең басым бағыттар көрсетілген. Бұлар – дұрыс тамақтану, сапалы сумен жабдықтау, ана мен бала денсаулығын сақтау, иммундауды қамтамасыз ету, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу.

Денсаулық сақтау саласында және халықтың күнделікті өмірінде салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығына деген жауапкершілік қағидаты басты мақсатқа айналуы тиіс.

Адамдардың денсаулығын қорғаудағы ұтымды жолдар­ды іздеуде алдын алу (профилак­тикалық бағыттылық) стратегиясы өте тиімді болып отыр.

Елбасының Қазақстан халқы­на жыл сайынғы жолдауларында өлім-жітім деңгейін төмендету, туу саны мен өмір сүру ұзақтығын арттыру, демографиялық көрсет­кіштерді жақсарту міндеттері қойылады. Мемлекеттік маңыз­ды міндеттердің қатарына санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ары қарай тұрақтандыру және қоғамдық денсаулықты жақсарту міндеті жатқызылды.

Алға қойылған міндеттерді ше­шу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамы­ту­дың 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көз­делген. Бағдарламаны іске асыру денсаулық сақтауда профи­лак­тикалық бағыттылықты қам­тамасыз ету бойынша көптеген іс-шаралар тізбесін қарастырады.

Халық арасындағы аурулардың алдын алуда медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем ұйым­дары мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет негізгі рөл атқарады.

Аурулардың бастапқы профилактика жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының ведомствоаралық өзара тығыз іс-қимылын көздейді және негізгі үш қағидаттан тұрады.

«Денсаулық және өмір сүру жағдайлары» деген бірінші қағидат – дұрыс және қауіпсіз тамақтану, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, қауіпсіз сумен жабдықтау негізінде ауыз судың кепілдік берілген сапасы.

«Саламатты өмір салты» деген екінші қағидат – зиянды әдеттерден бас тару, денешынық­тыру мен спортты дамыту, темекі тартудың, алкогольдік және әртүрлі энергетикалық сусындарды пайдаланудың, наркотиктердің зияндығы туралы халыққа кеңі­нен ақпарат беру негізінде жеке гигиенаны сақтау, сондай-ақ инфекциялық аурулардың, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар аурулар ретінде ВИЧ, туберкулез, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын сақтау.

«Алдын алу» деген үшінші қағидат – тиісті еңбек жағдайларын жасау, халық арасында профилак­тикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру, кәсіптік аурулардың даму қаупі бар контингенттерді диспансеризациялау, халықты заманауи вакциналармен кеңінен иммундау.

Медициналық-санитарлық ал­­ғаш­қы жәрдем денсаулық сақ­­тау жүйесінің басты бөлігі бола отырып, халық денсаулық көрсеткіштерін сапа жағынан жақсартуда басты рөл атқарады. Емдеу-профилактикалық ұйым­дардың қызметіне, негізінен, жеке профилактика шаралары, яғни профилактикалық тексерулер кезінде тұрғындардағы аурулардың ерте сатысын анықтау, диспансеризациялау, иммундау, халыққа ақпарат беруді арттыру кіреді.

Қазіргі таңда елімізде тамақ өнімдерінің шикізат алу, шығару, тасымалдау, сату, импорттау са­ты­ларындағы қауіпсіздігін сани­тарлық-эпидемиологиялық қадаға­лау қызметі қамтамасыз етеді. Осы мақсатта жыл сайын әртүрлі тамақ өнімдерінің 120 мыңға жуық үлгісі зерттеледі, 1,5 мыңнан астам үлгісі жарамсыз болып табылады да, олардың сапасы мен қауіпсіздік гигиеналық нормативтеріне сәйкес келмеуіне байланысты сатудан алынады. Тамақтанумен байланысты аурулардың алдын алу шаралары іске асырылады, бұл, ең алдымен, йод және темір жетіспеушілігінің, авитаминоздардың, тағамнан у­ланулардың, жіті ішек аурула­ры­ның алдын алу болып табылады. Санитарлық-эпидемиологиялық қыз­­мет сумен жабдықтау нысандарына да қатты көңіл бөледі. Халықты сумен жабдықтау көзде­рінен алынған ауыз су сапасына ғана емес, сонымен қатар, су ­құбырларының санитарлық-ги­гиеналық және техникалық жағ­дайларына да мониторинг жүр­гізіледі. Су құбырлары санының өсуіне қарамастан, республика халқының аз да болса бөлігі ша­руашылық – ауыз су мақсатында орталықтандырылмаған су көздері­нің және ашық су қоймаларының суын әлі де пайдаланып келеді, бұл жайтты түбегейлі жақсарту барысында Үкімет тарапынан кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етуге болады.

Саламатты өмір салты қағида­тына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың денешынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасау, медициналық қызмет көрсе­ту, ыстық тамақпен қамтама­сыз ету мәселелері жоспарлы түрде шешілуде. Бұл іс-шара­лар балалардың дене бітімі патоло­гиясының, ас қорыту, көру және т.б. органдары ауруларының даму профилактикасына бағытталған. Жыл сайын 2 миллионнан астам оқушы профилактикалық тексерулермен қамтылып, оның ішінде 280 мыңнан астамы сауықтырылып және диспансерлік бақылауға алынады. Медициналық алғашқы санитарлық жәрдем ұйымдарының медицина қызметкерлерімен бірге халыққа зиянды әдеттердің зауалы, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру жұмысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ликасының тамақ қауіпсіздігін, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнама талаптарының сақталуына байланысты тұтынушылардың құ­қық­­тарын қорғау саласында жұмыс­ты күшейту қажеттілігі туды. Осы­ған байланысты қызметті қайта ұйымдастырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық са­лауаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау міндеттері жүктелетін мемлекеттік орган құру міндеті тұр, жаңадан құрылатын органның қызметі осы мақсатқа бағытталады.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА,

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.