Бүгінде аймаққа қарасты елді мекендерге 211 пошта нысаны мен 30 шақты франчайзингтік үлгідегі бөлімшелер қызмет көрсетеді. Қос тарап әлеуметтік картаны енгізу бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар "KAZPOST Business" мобильді қосымшасын енгізу, электрондық сауданы дамыту, e-commerce және фулфилмент орталығын ашу сияқты жобалар жоспарланып отыр.
Облыс әкімі мен "Қазпошта" төрағасы ауылдық жерлерде пошта саласын дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қостанай облысында "Қазақстан азаматының әлеуметтік картасы" пилоттық жобасын дамыту бойынша өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды.
Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алатын 1200 адам "Азаматтың әлеуметтік ID-картаға" ие болады. Аталмыш жобаға қатысатын мектеп ұжымдарының да тізімі анықталды.
Ал Қостанайдағы екі сауда базарында электронды есеп айырысу пилоттық жобасы жүзеге асырылатын болады.