08 Қараша, 2013

175 отбасы баспаналы болды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының шеткері аумағында «Береке» атты жаңа шағын аудан бой көтеріп келеді. Келесі жылы бұл жерде қаланың бас жоспарына сәйкес 720 орынды Назарбаев зияткерлік мектебі, бірнеше көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілетін болады.

«Основание» және «Альфа-Север» ЖШС-тері 80 және 95 пәтерлік жалгерлік-коммунал­дық тұрғын үйлерді салу жұмыс­тарымен айналысып, сапалы аяқтап шықты. Сөйтіп, 175 отбасыны үлкен қуанышқа бөледі. Оларға пәтер кілттерін аймақ басшысы Самат Ескендіров салтанатты түрде тапсырды. Құттықтау сөзінде жалпы аумағы 9,4 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерге пәтер алу кезегінде тұр­ған соғыс ардагерлері, жетім балалар, мүгедек жандар, бюджет саласының қызметкерлері бірінші кезекте қол жеткізгенін, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында өткен жылы 28 мың шаршы метр баспана берілсе, биыл 34 мың шаршы метрді құрайтынын жеткізді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік

Қазақстан облысы.