"Біз отандық вакцинаға көп үміт артамыз. Бұған дейін сіздерге вакцинаның клиникалық зертханалардағы сынақтардан сәтті өткенін және олардың жақсы нәтижелер бергенін айтқан едім. Қазіргі таңда клиникалық зерттеулердің I және II кезеңі іске қосылды. Сынамалдардың нәтижелерін алдағы қараша, желтоқсан айларында аламыз. Сол мезетте ғана вакцинаның тиімсіз, я денсаулыққа қауіпті екенін анықтаймыз", дейді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сонымен қатар Алексей Цой елімізде отандық вакцина дозаларын өндіретін зауыттың салынып жатқанын да тілге тиек етті.
"Қазақстанның қажеттілігін өтеу үшін зауыттың қуаты жеткілікті. Өзімізде әзірленген вакцинаның сапасы қауіпсіздік жағынан барлық критерийлерге сай келетінін тағы да айтым келеді", дейді ол.
Сөз соңында Денсаулық сақтау министрінен вакциналардың бағасын сұрағанда, олардың құны әлі белгісіз екенін, алайда отандық өнімнің бағасы 2-3 доллар көлемінде болатымен бөлісе кетті.