08 Қараша, 2013

«Нұр Ақтөбе» ауданындағы алғашқы қоныс тойы

301 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

SAM 2285Ақтөбе қаласы жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Қала маңында жаңа шағын аудандар бой түзеуде. Жақында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында пайдалануға берілген №10 және №11 тоғыз қабатты тұрғын үйлердің алғашқы 69 қоныстанушыларына пәтерлер кілттері тапсырылып, қоныс тойларын тойлады. Мұндағы осы екі тоғыз қабатты тұрғын үйде жалпы алғанда 607 пәтер бар. Тұрғындарға пәтер кілттерін тапсыру салтанатында сөз алған қала әкімі Ерхан Омаровтың айтуынша, шағын ауданда барлық инженерлік коммуникация­лар жүргізілген. Тұрғын үйлер арнайы салынған дербес бу қазандығы арқылы жылытылады, су, көгілдір отын және электр жүргізілген. Жылуды арнайы орнатылған есептегіш құралы арқылы пәтерден реттеп отыруға болады.

SAM 2285

Ақтөбе қаласы жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Қала маңында жаңа шағын аудандар бой түзеуде. Жақында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында пайдалануға берілген №10 және №11 тоғыз қабатты тұрғын үйлердің алғашқы 69 қоныстанушыларына пәтерлер кілттері тапсырылып, қоныс тойларын тойлады. Мұндағы осы екі тоғыз қабатты тұрғын үйде жалпы алғанда 607 пәтер бар. Тұрғындарға пәтер кілттерін тапсыру салтанатында сөз алған қала әкімі Ерхан Омаровтың айтуынша, шағын ауданда барлық инженерлік коммуникация­лар жүргізілген. Тұрғын үйлер арнайы салынған дербес бу қазандығы арқылы жылытылады, су, көгілдір отын және электр жүргізілген. Жылуды арнайы орнатылған есептегіш құралы арқылы пәтерден реттеп отыруға болады.

– Бұл жаңа аудан болғандықтан, тұрғын үйлердің қасбеттеріне айрықша көңіл бөлінді. Тұрғын үйлердің қас­­­бет­теріне витражды әйнектер пайдаланылды. Ауланы, тротуарларды абаттандыру үшін соңғы үл­гідегі плиткалар қолданылды. Құры­лысы жүріп жатқан спорт алаңына да заманауи жабындылар пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, балаларға арналған ойын алаңдары салынады, – деді шаһар басшысы.

Әзірге осы ауладағы төрт тұрғын үй іске қосылса, көршілес ауладағы 16 подъездік тұрғын үй де жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қала әкімінің мәлімдеуінше, осы шағын аудандағы тұрғын үйлер 2020 жылға дейін толықтай пайдалануға беріледі. Болашақта бұл ауданда 250 мың халық тұрады.

Сондықтан да «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында әлеуметтік нысандар жоспарға сай салынатын болады. «Кабиев и К»» ЖШС жақында осы ауданда «Дина» супермаркеті құрылысын бастағалы отыр. 1200 орындық орта мектептің, 320 орындық балабақшаның, күніне 500 адам қабылдайтын емхананың жобалау-сметалық құжаттарын жасау аяқталған. Қазір бұл құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Басқа да әлеуметтік нысандарды салуға ынталы кәсіпкерлер қатары көп көрінеді. Яғни, бұл аудан да көріктеніп, көркейіп, тұрғындарға қолайлы бола түсері сөзсіз.

– Қазіргі таңда «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы толықтай инженерлік коммуникациялармен жабдықталған. Қазір қолдарына пәтер кілттері тигелі отырған 69 отбасының 31-і 2013 жылы бастау алған «Барлық санаттағылар үшін қолжетімді баспана» бағыты бойынша кезекте тұрғандар. Олардың алғашқыда жалға алып, кейін пәтерлерді толық сатып алуға мүмкіндіктері бар. Қалғандары бағдарламаның талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуден өтіп, екінші қайтара төлем қабілеттері дәлелденген тұлғалар, –деді қала әкімі Ерхан Омаров.

Шаһар басшысының қолынан пәтер кілттерін алған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Пәтер кілттерін салтанатты жағдайда тапсырғаннан кейін қала әкімі Ерхан Омаров пен осы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген «Глобус» ЖШС директоры Юрий Попов жаңа үйдің кіреберісіне керілген лентаны қиды. Шаһар басшысы жаңа қоныстанушылардың жылы ұяларына кіріп, оларды құттықтады, емен-жарқын әңгімелесті, су жаңа баспананың игілігін көруге тілегін білдірді. Біз қоныс тойын тойлаушылардың бірқатарымен әңгімелескен болатынбыз. Ақтөбе хром қосындылары зауытының жұмысшысы Әнуарбек Сапартілеуов үш бөлмелі пәтерге қол жеткізгенін, бағдарламаның жастар үшін өте тиімді екенін айтты.

– Үш жыл бойы жиған-тергенімізді «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіне салып, жинадық. Жолдасым екеуміз сау­да саласында еңбек етеміз. Екі баламыз бар. Бүгін бір бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанып тұрмыз, – дейді Гүлмира Жұмағалиева. Ал, екі бөлмелі пәтерге қолы жеткен Бибігүл Көккөзова 2008 жылдан бері қаражат жинаған екен. Жолдасы мұғалім, отбасында екі баласы бар. Ол да бұл бағдарламаның тиімділігін алға тарта сөйледі.

Жаңа үйлердің тұрғындарына қатынау ыңғайлы болу үшін №29 автобустың қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілген көрінеді. Сондай-ақ, болашақта шағын ауданға қоныстану деңгейіне қарай қоғамдық көліктердің бағыттарының да саны арта түседі.

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында үсті­­­­­міздегі жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 752 пәтер­­­­­­­­­­­­­­лік №12, №15 және №16 тоғыз қабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазір аталған бағдарлама бойынша осы шағын ауданда 540 пәтерлік №23, №24 және №25 тұрғын үйлер құрылысы бас­талып та кетті. Бұл үйлер алдағы жылы желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,          

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар