08 Қараша, 2013

Министр он-лайн лекция өткізді

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің ашық лекциясы өтті.

 

Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің ашық лекциясы өтті.

Он-лайн режімінде өткен бұл лекцияға С.Сейфуллин атындағы аграрлық универси­­­­тет пен Семей қаласындағы мемлекеттік уни­­­вер­ситеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Агробизнес-2020» және «Дипломмен – ауылға!» деп аталатын шағын бейнебаянды тамашалағаннан соң, министр университет шәкірттері дайындаған ауылшаруашылық жобаларының көрмесімен танысты.

Министр өз лекциясында қазіргі таңда еліміз азық-түлікке деген өз қажеттілігін 80 пайызға қамтамасыз ететіндігін айта келіп, орташа есеппен алғанда жылына 15,5 милли­он тонна астық өндіріліп, оның 6 миллион тон­насы экспортқа шығарылып отырылғанын мә­лімдеді. Бүгінде Қазақстан әлемдік астық экс­порттаушы елдердің алдыңғы ондығына кіреді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экс­портының көлемі былтырғы жылғы есеп бойын­ша, 3 миллиард АҚШ долларынан асып, 2012 жылы шаруашылық және фер­мерлік қожалықтардағы мал басының саны 20,1 пайызға өскен. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасын қолға алудың арқасында аграрлық құрылымдардағы ірі қара малдың санындағы аналық малдың үлесі 37,2 пайыздан 43,9 пайызға жеткен.

Ел аумағында ауыл шаруашылығына салынған инвестицияның өсімі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ең жоғары көрсеткішке ие екендігін алға тартқан министр әлі де болса бұл саланың кенжелеп тұрғанын баса айтты. Осыдан кейін ол студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.