08 Қараша, 2013

Ғаламшарлық қаламгер

608 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG 4870Қазақ пен қырғыздың арасында алтын көпірдей болған Шыңғыс Айтматовтың 85 жыл­­­­­дығы елордадағы Түркі акаде­­­миясының ұйытқы болуы­мен халықаралық деңгейде ата­лып өтілді. Телқоңырдай Айт­­­ма­тов мерекесіне арналған ғы­лыми-тәжірибелік конференция­ны Түркі академиясының пре­зиденті Шәкір Ыбыраев ашып, ғаламшарлық қаламгердің мұра­­­ларына тоқталды. Парламент Се­натының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин адамзат жыр­шысының сан қырлы талантын тарата айтып, оның қазақ пен қырғыздың бүкіл болмысын туын­дыларына тірек еткеніне дәлел-дәйектер келтірді. «Біз көп жағдайда өткен дәуірімізді жамандауға бейім тұрамыз. Бірақ, Мұхтар Әуезовтей алыпты, Шыңғыс Айтматовтай көрнекті тұлғаны ХХ ғасыр сыйлағанын ұмыта беретініміз өкінішті», деді. Қырғыз жұртының көрнекті ғалымы, академик Абдылдажан Акматалиев өзінің өмір бойы Айтматовтың жанында жүргенін, оның қай шығармасын алсаң да ұлттың рухы көрініп тұратынын айтты.

IMG 4870

Қазақ пен қырғыздың арасында алтын көпірдей болған Шыңғыс Айтматовтың 85 жыл­­­­­дығы елордадағы Түркі акаде­­­миясының ұйытқы болуы­мен халықаралық деңгейде ата­лып өтілді. Телқоңырдай Айт­­­ма­тов мерекесіне арналған ғы­лыми-тәжірибелік конференция­ны Түркі академиясының пре­зиденті Шәкір Ыбыраев ашып, ғаламшарлық қаламгердің мұра­­­ларына тоқталды. Парламент Се­натының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин адамзат жыр­шысының сан қырлы талантын тарата айтып, оның қазақ пен қырғыздың бүкіл болмысын туын­дыларына тірек еткеніне дәлел-дәйектер келтірді. «Біз көп жағдайда өткен дәуірімізді жамандауға бейім тұрамыз. Бірақ, Мұхтар Әуезовтей алыпты, Шыңғыс Айтматовтай көрнекті тұлғаны ХХ ғасыр сыйлағанын ұмыта беретініміз өкінішті», деді. Қырғыз жұртының көрнекті ғалымы, академик Абдылдажан Акматалиев өзінің өмір бойы Айтматовтың жанында жүргенін, оның қай шығармасын алсаң да ұлттың рухы көрініп тұратынын айтты.

Әзербайжанның Милли Мәжі­ліс депутаты, Низами атындағы Әдебиет институтының директоры Иса Габибейли, Шыңғыс Айтматов түрік жұртына ортақ жазушы екенін КСРО зама­­­нында-ақ дәйектегенін алға тарт­са, Түркияның Хажеттепе уни­верситетінің профессоры Мыр­заоглу Гулай Шыңғыс шығар­масында бүкіл түрік болмысы суреттелетінін, отандастарының 50 пайызы оның туындыларында адамға деген құрмет ерекше деп бағалап отырғанын жеткізді. Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры, Насимхон Рахмонов түркі жұрты дос-бауыр екенін, ұлы тұлғалар осылай ұлт пен ұлтты жа­қындастыратынын тілге тиек етсе, Қазан федералды университетінің профессоры Хатип Миннегулов Айтматовтың әлемдік деңгейдегі қаламгер екенін қазақ бауыр­лар елордасындағы салтанат­ты сарайда өткізген осы жиы­ны­нан-ақ көруге болатынын, Шықаң шығармалары татар елінде әлденеше рет жа­рық көргенін, 85 жылдығы биік дәре­­же­де өтіп жатқанын айта келе: «Жалпы түрік халықтарына ортақ ұлы тұлғаларды осылай бірлікте әспет­теп отырсақ, оны ұрпақтар сабақтастығына айналдырсақ, бауырластығымыз арта түсер еді. Татар елі биыл қазақ туыс­тар 120 жылдығын атап өткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың жыр жинағын өз тілінде оқыр­­­ман­дарына ұсынды», деп әсем безендірілген кітапты жұртқа көрсетті. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Уәлихан Қалижан Айт­­матов пен Шахановтың дос­тығы қай-қайсымызға де үлгі болу керектігін атап өтіп, Шың­ғыс шығармаларындағы қазақ кейіп­керлерін жан-жақты сара­ла­ды. Қазақ ғылымының қазір­гі ақсақалдарының бірі Тұр­сынбек Кәкішев «Айтматов ұлы қаламгер, ол адамдар бо­й­ын­­­­дағы мәңгүртизмді тап басып көрсете білді» десе, халық жазушысы Мұхтар Шаханов Айтматов шығармаларының төрткүл дүниенің 177 тіліне аударылғанын тілге тиек етті, Шыңғыс айтқан шындықтарға талдау жасады. Ол өмір бойы қызметтің құлы емес, әдебиеттің ұлы болғанын жеткізді. Ака­демик Сейіт Қасқабасов Шың­ғыс шығармаларындағы билік психологиясы мен кіш­­­кен­тай адамдардың өміріне терең­деп барып, қай дәуірде де биліктің кішкентай адамдарды қорлай­тынын дәттеп, оған «Ақ кемедегі» кейіп­керлердің іс-әрекетінен мысалдар келтіріп дәйектеді.

Академик Ғарифолла Есім Шықаңа ойшыл ретінде қарап, туындыларын да сол тұрғы­дан зерттеп, зерделейтінін, әсі­ресе, әділеттілікті сөз етіп, әділетсіздіктің адамды қасіретке ұрындыратынын, құлдық психо­логияға жеткізетінін туындылар арқылы таратып, «Жазу, тіл, ол технология, ал Шыңғыстың алға шығаратын ойшылдығы бұл бөлек әңгіме. Кейбір азаматтар «Ақ кемедегі» баланы соңында өлді деп жүр. Бұл қате пікір. Бала өлген жоқ. Балық кейіпте кеме командирі, әкесіне Оразқұлдың әділетсіздігін жеткізуге талпынуда. Қашанда ұрпақ әкені әділеттіліктің символы деп білген» деді.

Жалпы, Шыңғыс шығар­ма­­ла­рындағы мифтің астарында ақиқат жатқанын конференцияға қатысушылар жан-жақты қозғап, ол бір күннің ісі емес, алдағы елеулі еңбектерге арқау болатынын атап өтті.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».