08 Қараша, 2013

Шеберлік сыныбын өткізді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Медициналық Холдинг құра­мындағы республикалық Жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында Питсбург университеті Италиялық онкология орталы­ғының торакальді хирургтары лапа­роско­пиялық тәсілмен ота жасап, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Италиялық дәрігерлер орталықта үш күн бойы тұңғыш рет қатерлі ісіктерді тілік жасамай, шағын тесік арқылы сылып алу тәсілін қолданып оталар жасады. Питс­­­бург университеті Италиялық онкология орталығының торакальді онкохирургі Алесандро Бертани журналистерге берген сұхбатында мұндай іс-шараны ұйымдастыру үшін үлкен базаның керек екенін, ал ондай база елімізде қалыптасқанын баяндады. «Ота жасау барысында бізге осында жұмыс істейтін дәрігерлер көмектесті. Оталардың лапароскопиялық түрінен науқасқа келетін зиян көп болмайды. Мұндай оталарды жасаудың шыңына шығу үшін шеберлік сыныптарын жиі өткізіп тұру керек. Мәселен, АҚШ-та, Италияда бұл тәсілмен ота жасаудың он жылдық тарихы бар. Дәрігерлер белгілі бір жетістікке жеткен», дейді Бертани.

Италиялық дәрігерлердің бұл сапары Астана қаласында онкологиялық орталық құру жобасының аясында іске асты. Бұл жобаның негізгі серіктесі – Питсбург университетінің Медициналық орталығы.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар