Қоғам • 02 Қазан, 2020

Елордада зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған

154 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Елордада зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған

Нұр-Сұлтан зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен көмек көрсетіледі. Осылайша, аға буынға ақысыз қызметтер мен ақшалай төлемдер тұрақты түрде ұсынылып отырады. Оның ішінде зейнеткерлер қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында ақысыз жүруге құқылы (таксиден басқа); қарттар күніне жасына қарай 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік ақшалай төлемдер; екі жылда бір рет тегін тісті протездеу және протездеу алдындағы оңалтуға әлеуметтік көмек; Қатаркөл ауылының оңалту орталығында санаторий-курорттық емдеу қызметтері. Бұл ретте, жасы бойынша зейнеткерлер жолдама құнының 35% төлемін, ең төменгі зейнетақы алушылар 25% төлемді пайдалана алады.

Сондай-ақ қарттар қатты отын сатып алғаны үшін өтемақы алады (жан басына шаққандағы орташа табысы төрт ең төменгі жалақы мөлшерінен асатын, сондай-ақ тіркелген тұрғын үйі бірден көп адамдарды қоспағанда).

"Тұрмысы төмен отбасыларға, оның ішінде тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатын зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер мен басқа да қызметтерге ақы төлеу шығындары осы мақсаттарға арналған отбасылық шығыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінен асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен көмек көрсетіледі. Нұр-Сұлтанда шекті рұқсат етілген деңгей отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 5%-ын құрайды", деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар жалғызбасты зейнеткерлерді медициналық-әлеуметтік мекемелерге тіркеу және үйдегі әлеуметтік қызметтер бойынша жұмыс жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, елордада жүз мыңға жуық зейнеткер тұрады