Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Қостанай облысында 20 мыңға жуық партия мүшесі дауыс берді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дауыс беру әлі де жалғасады. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы партия мүшелерінің  онлайн режімде белсенді дауыс беріп жатқанын мәлімдеді. 1-қазаннан бастап дауыс беруге кіріскен қостанайлықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі. Қазірдің өзінде  19 276 адам дауыс беріп үлгерді.

Қостанай облысында 20 мыңға жуық партия мүшесі дауыс берді

Праймеризге облыстың барлық аудан-қалаларынан 800 адам қатысып жатыр. Оның 222-сі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері,  ал 578 адам өзін-өзі ұсынып отыр.  Үміткерлердің 349-ы – әйел адамдар болса,  243-і -  жастар.  Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 3 үміткерден келіп тұр.

1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге шамамен 45 мыңнан астам партия мүшесі қатысады. Ол үшін арнайы  156 орын белгіленген. 109 орында дауыс беру онлайн форматта жүреді. 47 орында партия мүшелері дәстүрлі қағаз бюллетенімен дауыс береді.

Дауыс беру 3 қазан күні сағат 14-00-де тоқтатылады.

Қостанай облысы