Оқиға • 02 Қазан, 2020

"Астана" спорт клубының экс-басшылары ақша жымқырды деп айыпталуда

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана" кәсіби спорт клубының экс-басшылары мен лауазымды қызметкерлері ақша жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

"Астана" спорт клубының экс-басшылары ақша жымқырды деп айыпталуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлағандай, велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені жымқыру дерегі бойынша "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы корпоративтік қорының басшылығы мен лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс материалдарымен тараптарды таныстыру барасын аяқтауда. Аталған іс айыптау актісімен прокурорға жіберіледі.

Әзірге жымқыру фактісіне байланысты басқа да ақпарат хабарланбады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында "Астана" кәсіби спорт клубының экс-директоры Аманбек Кульчиковтың және Astana Pro Team қызметкері Ләззат Шамшиеваның тұтқындалғаны туралы хабарланған едік.