Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Атыраудағы саябақта 1000 жеміс ағашы өседі

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Атырау қаласының 380 жылдығы аталып өтіледі. Соған орай "Балықшы" ықшамауданындағы саябаққа 1000 жеміс ағашының көшеті егу басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудағы саябақта 1000 жеміс ағашы өседі

Бүгін саябақтың 2 гектар аумағына 380 көшет егу шарасына облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те қатысты. Әкім де көшет екті.

"Жыл басынан бері  қаланы көгалдандыру жоспарына сәйкес, 20 мыңға жуық тал егілді. Атырауды жасыл қалаға айналдыру алда да жалғасады. Осыған орай нақты  жобамыз бар. Оған өңірдегі ірі компанияларды тартамыз", -деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Айта кетейік, бұл саябақ қоғам белсенділерінің ұсынысымен ашылып отыр.