09 Қараша, 2013

«Astana ballet» алғашқы гастролін Аспанасты елінде бастады

255 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Өнер өлкесі де өзіндік жа­ңалықтарды бастан­ өт­керуде. Бейсенбі күні «Astana ballet» атты би ұжымы туған Отанынан тыс жерде, Қытай Ха­лық Республикасының астанасы – Бейжіңде тұңғыш концертін беріп, тұсауын кесті.

 

IMG 4911

 

 

Өнер өлкесі де өзіндік жа­ңалықтарды бастан­ өт­керуде. Бейсенбі күні «Astana ballet» атты би ұжымы туған Отанынан тыс жерде, Қытай Ха­лық Республикасының астанасы – Бейжіңде тұңғыш концертін беріп, тұсауын кесті.

IMG 4911

IMG 1859

IMG 1847Хореографиялық өнердің үздік үлгілерін бейнелеуге бет алған «Astana ballet» қойылымдарына П.Гордон Эмерсон, Патрик де Лакруа, Асанга Дамаск, Арман Нұрмахаматұлы, К.Муминов, А.Четин, Г.Тұтқыбаева, Н.Ка­ли­нина, С.Ванцов, А.Әлішева, А.Тати, А.Цхай, М.Абубахриева сынды тәжірибелі хореографтар тартылған.

Астана балеттің алғашқы концерттік сапары Аспанасты елінен бастау алғаны кездейсоқтық емес. Өз өнерімізге өзгелердің сыншы көзімен қараудың өзі жауапкершілікті еселей түсері анық. Елбасының тікелей батасын алып, Бейжіңге бағыт ұстанған таланттар шоғыры алдағы уақытта да әлемді шарлап, қазақ деген халықтың болмысы мен бүкіл жетістігін бидің тілімен тарата беретін болады. Әлемнің ең үлкен сахналарында салтанат құруды көздейтін «Astana ballet» сияқты ұжым құру идея­сы Елбасына тікелей тиесілі. Әрі заманауи, әрі ұлтымыздан ажырамаған, әні де, сәні де келіскен, қандай өлшеммен қарасаң да мінсіз, қазіргі би өнерінің бар үдесінен шыға алатын труппаның құрылтайшысы да «Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры».

Сонымен, Қазақстан Респуб­лика­сының Қытай Халық Рес­пуб­ликасындағы мәдени күндері аясында 22,5 миллион халқы бар Бейжіңнің ең ірі концерттік сахнасы саналатын «Opera House of Hational Grand Teatre» залында өткен гала-концертте балауса балериналар тұңғыш рет шетелдік көрермендердің қошеметіне бөленді. Атажұрттан алыстағы ағайындардың ғана емес, би өнерінің шыңына көтерілген, талғампаз қалың қытайдың тік тұрып көрсеткен ықыласын көрді. Бұл жерде әлемдік деңгейдегі опера дарындарының жас би ұжымын демеп жібергенін де жоққа шығаруға болмайды.

Ал «Astana ballet» тобының тұң­ғыш жеке концерті араға екі күн салып барып, Бейжіңдегі «Ғасыр театрында» өтті. Көп нәр­сені таңсық көре бермейтін көршілеріміз кең залды толты­рып, күпті болып тұрған кө­ңіл­ді бір демдеп қойды. Сол сияқ­ты, Қытай еліндегі өзге мем­ле­кеттердің елшіліктері Қа­зақстан елшілігінің құрметті шақыртуларына ілтипат білдіріп, сән-салтанаттарымен жинала бастады. Оған қоса, Аспанасты елін­де 9 мыңға тарта қазақ сту­дент­тері білім алып жатқанын, оның 3,5 мыңға жуығы Бейжіңде еке­нін ескерсек, билетке деген сұра­ныстың болғаны өздігінен түсі­нікті ғой.

Шымылдық сырылған сәтте сахнаға көрікті қытай қызымен бірге «Астана аруы-2012» Аяулым Ерғазы шығып:

– Халқымыздың ең сүйікті құсы аққулар бастап ұшатын шек­сіз аспан кеңістігіндегі ақ жолақ қазақ аңыздарында құс жолы деп аталады. Дәл сол сияқты жас шығармашылық ұжым «Astana ballet» әлемге қазақ биінің әсемдігін, халқының қазақ даласындай кеңдігін, жанының жомарттығын көрсету үшін жол-сапарға аттанды, – деді.

Бейжіңді баураған би концерті А.Серкебаевтың «Арулар шеруі­мен» басталды. Сұлулығын көзбен көріп, жүрекпен сезінуге ғана болатын бидің тілін суреттеу әсте қиын. Сабырлы да салиқалы, білек­тері жібек ілгендей нәзік осынау қимылдар қазақ қыздарының қайталанбас сұлулығын, пәктігі мен инабаттылығын паш ете отырып, тақырыбы бірегей концерттік бағ­дарламаның тұсауын кесіп берді.

Осы арада сахнаны безендіруге ең заманауи технологиялар пайдаланылып, ұлттық нақыштар алып экранда бидің нарқын беріп отырғанын айта кеткен жөн.

Pre-comp 5 0-00-00-00

IMG 2132

IMG 1811

Айтқандай, «Astana ballet» труппасын құруға бақандай екі жыл кеткенін, балериналарды іріктеу өте талапшыл әрі кас­тинг өлшемдері өте жоғары болғанын айту керек. Жаңа ұжымның бишісі болу үшін биік кәсіпқойлықпен қоса, кіршіксіз тазалық пен мінсіз сұлулық қатар сұралады. Ал бұл шетелдік алғашқы көрермендер тарапынан бағаланбай қалған жоқ. Бұл туралы бейжіңдіктердің өз аузымен төменде айтармыз.

Асау импровизацияға құрылған «Қуанамын» биінен кейін әлем халықтарының ең әйгілі билерінің шеруі басталды. «Astana ballet» малай қыздары болып, алтынмен түсті киімдермен апталып, сыңғыр қаққан сырғаларға қапталып шы­ға келгенде көрермендер ессіз сұлулыққа елтіп, кірпік қақпай би ырғақтарына ілесіп жұмбақ Малайзияға сапар шекті. Кара Караевтың «Жеті ару» биі Нұр­ғиса Тілендиевтің күйіне қойыл­ған «Ата толғауына» жол ашып берді. Жалпы, ұлттық би жау­һарлары дегенде аталмыш бидің орны айрықша екенін айту керек. «Қазақстан би өнерінің алтын қорына» кіретін туынды асатаяқ ұстаған жас келіншектің бейнесі арқылы қазақ әйелдерінің көш бастамай-ақ көрегенді бола алатынын, күлім қаққан кел­бетімен кермаралдай керіліп, отбасының берекесін келтірер келбетін айшықтайды. Бұл би бір жағынан сәні қай жағынан да келіскен ұлттық киімдеріміздің де ғажайыптығын ғаламға жая алатынын айтқымыз келеді.

Бірі керіліп, екіншісі оянуға ерініп, үшіншісі таң шапағатына шомылып жатқан қарлығаш құстың бейнесі енді бойжете бас­­­­­таған қазақ қызының болмы­сымен соншалықты үндес екенін кім білген. К.Дженкинстің «Қар­­лығаш» биі де дара өнер туындысы. Көрерменді ерке қылықтармен баураған бұл би де шетелдерде бидегі ұлттық брендтің бірі болуға таласа алады.

Корей халқының «Пуче чум», Н.Римский-Корсаковтың «Аль­меялар биін», үндінің музыка мен поэзия пайғамбары Сарасватиді ұлықтайтын «Сарасвати», түрік биі «Шығыс алауын» орындау да аса шеберлікті талап етеді. Бір жағынан бұл нөмірлердің барлығы да аса жоғары талғаммен тігілген костюмдерімен де ерекшеленуі тиіс. «Astana ballet» қай жағынан алып қарасаң да осылардың барлығынан үдесінен шығуға талпынатынын байқамау мүмкін емес.

Сахнадағы ең сұлу сәттердің бірі «Әшекей» биі. Жүзіктің көзінен өткендей балериналар ұлттық ою-өрнектерін сипаттап сылаң қағады. Оған қоса алып экрандағы білезік-сақиналардың сан түрі тарих қалтарыстарынан сығалап, уақыт сусылымен суғарылып, қазақ деген ел біз боламыз дегендей жаңғырады.

Хань цзу халқының шынайы қошеметін оятатын бидің бірі «Тао Йао» еді. Өз елінде танымал Қытай елінің ежелгі де дәстүрлі биі таңсық та бола қоймас деген ой бекер болып шықты. Аққудай тізіліп «ханзу» сұлулары шыға келгенде Аспанасты елі ризашылығын ашық білдірді. Олар концерт біткенде өздерінің ұлттық биіне біздің бишілеріміз өзгеше нәзік реңк бергенін айтып жатты.

Поэзиялық әсем тө­­рт­­­­­­­­­­­­­­­та­­ғанда-

рымен өріліп, әп-сәтте ө­­те шы­қ­­­­қан­­дай көрінген концерт «Жа­­­­­­құт­тар жар­­қылына» ұласа келе «Ша­­­­шу» биі­мен шымылдықты жап­­­­ты.

Ал біздер «Astana ballet» атты ғажайып би ұжымы сыйлаған сұлулық пен нәзіктік, махаббат пен мейірім мерекесіне ғана емес, тарихи оқиғаға да ортақтастық. Әсірелемей айтқанның өзінде бұл аталмыш өнер ұжымының тұңғыш шетелдік сапары. Имидждік жоба болып табылатын және бұрын-соңды болмаған отандық балет труппасының тырнақалды концерті табысты өтті деп айтуға болады. Қалай болғанда да болашақта өнер ұжымының аты Қазақстан атты алып мемлекеттің барлық жетістігімен байланысты болуы тиіс.

Қытай көрермендерінің бүк­песіз пікірлері төмендегідей тө­гілді. Айтқандай, бізбен пікір бөліскен байырғы бейжіңдіктерге қойылған сауал жалқы болды. «Қазақтың өнері ұнады ма? «Astana ballet» концерті Қытайға қайта оралса тағы да билет алар ма едіңіз?» деген сықылды болып келетін сұраққа би өнерінің шыңына көтерілген көршілердің жауабы мынадай еді.

Ян Цзечи, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі: Мен «Astana ballet» ансамблінің алғашқы гастрольдік сапары Бейжіңнен басталғанына қуаныштымын. Бұл – біздің екі елдің достастығын айқындайтын нышан деп білемін. Бұл – Қазақстанның біздің өнері­мізге көрсеткен қошеметі. Маған, әсіресе, қазақ бишілерінің «Тао Йао» қытай биін билегені әсер етті. Разы болдым. Мен «Astana ballet» Қытайдың ғана емес әлі әлемдік көрермендердің жүрегін жаулайтынына сенемін.

Лю Тин, өнертанушы: Біздің «Тао Йао» биі классикалық би. Мен бұл нөмірді талай елдердің бишілерінің, Қытайдағы ең үздік би ансамбльдерінің орындауында сан рет тамашалағанмын. Бірақ қазақтың жас балериналары биге аса нәзіктік, тазалық берді. Осыншама талантты да көрікті би тобын құрған сіздерде шебер бишілер көп деп ойлаймын.

Мей Гуэй, кеңсе менеджері: Мен сахнадан жасандылығы жоқ сезімдерді сезіндім. Бойжетіп те үлгермеген жас биші­лердің тазалығы, өнерге деген ғашықтығы ұнады. Концерттің тез бітіп қал­ғаны өкінішті.

Ван Си, студент: Мен қазақ­тардың биіне кездейсоқ тап болдым. Құрбым Ю Сиңсиң «Astana ballet» концертіне екі билет алыпты. Біздің хань цзу қыздары да сұлу, бірақ қазақ қыздары осыншама көрікті болады деп ойламаппын.

Син Чың, мәдениет сала­сы­­ның қызметкері: Бүгін өнер көрсеткен ұжым маған өте жақ­­сы әсер қалдырды. Биші­лер­дің шыңдалу деңгейі, концерт­ке жоғары дайындықпен кел­гені сезілді. Бұған дейін де мен Қазақстаннан келіп жүрген би ұжымдарының концертін тама­шалағанмын. Әрине, ұқсас тұстары көп болды. Алайда, бұл да жақсы. Ол ұлттық өнердің тұтастығын білдіреді.

Қарлығаштай әлемдік өнер айдынына қанат қаққан «Astana ballet» труппасының концерттік сапары 11 қарашада Шанхай қаласында жалғасын табады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан» –

Бейжіңнен.