09 Қараша, 2013

Үздіктерге қосылған Үсенбаева

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

03-Нуржамал УсенбаеваЕуропа сахнасын екінің бірі еңсере бермейді. Қазақ әншілерінің ішінде мұндай шыңды бағындырған жандар некен-саяқ. Жақында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер және мәдени қызмет саласындағы жоғары награданың бірі – Еуропалық өнер одағы тарапынан берілетін «Алтын Еуропамен» («Golden Europea») марапатталды. Бұл тек бір адамның ғана басындағы қуанышты жағдай емес, жалпы қазақ ұлттық опера өнерінің ортақ жетістігі ретінде бағалануда.

DSC 2464

02-Нуржамал УсенбаеваЕуропа сахнасын екінің бірі еңсере бермейді. Қазақ әншілерінің ішінде мұндай шыңды бағындырған жандар некен-саяқ. Жақында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер және мәдени қызмет саласындағы жоғары награданың бірі – Еуропалық өнер одағы тарапынан берілетін «Алтын Еуропамен» («Golden Europea») марапатталды. Бұл тек бір адамның ғана басындағы қуанышты жағдай емес, жалпы қазақ ұлттық опера өнерінің ортақ жетістігі ретінде бағалануда.

Опера әншісі Чехия астанасы – Прагада өткен қайырымдылық гала-концертіне қатысып, туған жерге алтын мүсіншемен және дипломмен оралды. Мұндай айтулы марапатқа дүние жүзі бойынша небәрі 20 адам ғана ие болған екен.

Салтанатты гала-концерт прагалық Рудольфинумде, ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдап, олардың заманауи технологиямен жабдықталған ең үздік медициналық мекемелерде емделуіне мүмкіндік беру мақсатында қаржы жинау үшін өткен болатын.

Сондай-ақ, гала-концертте әлемдік опера сахнасының жұлдызы – баритон Филип Банджак (Чехия Республикасы) Оңтүстік чехиялық Камералық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Классикалық шығармалар Петр Хромчактың дирижерлік етуімен орындалды.

Күміскөмей әнші ақпарат құралдары өкілдерімен болған әңгімеде чехиялық консерватория залының тамаша акус­тикасына айрықша тоқталып өтті. Кеш бағдарламасында Г.Доницеттидің, Дж.Вердидің, Дж.Россинидің шығармалары шырқалғанын жеткізді. Әсіресе, көрерменге А.Дворжактың «Су перісі» операсынан Су перісінің ариясы қатты ұнағанын баяндай келіп: «Мен бұл шығармаға өте жоғары жауапкершілікпен дайындалдым, себебі, чех көрермендеріне арияны олардың ана тілінде мінсіз орындау күтпеген сый болды. Ол үшін біраз уақыт мәтінмен, екпінмен тынбай жұмыс істеуге тура келді. Міне, соның нәтижесі болар, әнді орындап біткеннен кейін мені залдағы жұрт сахнаға қайта-қайта қол соғып шақырумен болды», – деді Н.Үсенбаева.

Ал әншіні туған жерге табаны тиісімен «Астана Опера» театрында өтетін «Бiржан-Сара» операсындағы Сараның партиясы күтіп тұр. Ол еліміздің бас театрының биік сахнасында халықтың ақын қызының қайталанбас бейнесін сомдайды, ал әнші-композитор, ақын Біржан салды Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ахмет Агади орындайды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».