Орташа жөндеу аясында Тұран даңғылы Қорғалжын тасжолының қиылысында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 қазанда қозғалыс ішінара жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.