09 Қараша, 2013

Батпан құйрық, айдалада ол неғылған жатқан құйрық?

784 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

01-КАР-5Еліміздегі еңбек заңдылығына бай­ла­нысты кореяның «КСС Engine­ering&ConstructionCoLtd» АҚ филиалын тексеру кезінде көп­теген кемшіліктер белгілі болды.

Аталған фирма «Қазақстан Рес­публикасының Көлік және ком­муникация министрлігінің Ав­томобиль жолдары комитеті» мемлекеттік кәсіпорыны (тапсырыс беруші) мен жоғарыда аты аталған АҚ-тың құрылыс жұ­мыстарына байланысты инвес­тициялық бағдарламасы филиалымен арадағы келісімшарт бойынша жұмыс істеуде. Жұмыс учаскесі – «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» ха­лықаралық транзиттік дәлізінің Та­раз қаласын айналып өтетін 483-тен 536 шақырымындағы Ал­маты–Қордай–Благовещенка-Меркі-Тер­мез бағытын алып жатыр. Әлбетте, жұмыс ауқымы үл­кен. Жол сапасына да өкпе жоқ. Бірақ...

01-КАР-5

Еліміздегі еңбек заңдылығына бай­ла­нысты кореяның «КСС Engine­ering&ConstructionCoLtd» АҚ филиалын тексеру кезінде көп­теген кемшіліктер белгілі болды.

Аталған фирма «Қазақстан Рес­публикасының Көлік және ком­муникация министрлігінің Ав­томобиль жолдары комитеті» мемлекеттік кәсіпорыны (тапсырыс беруші) мен жоғарыда аты аталған АҚ-тың құрылыс жұ­мыстарына байланысты инвес­тициялық бағдарламасы филиалымен арадағы келісімшарт бойынша жұмыс істеуде. Жұмыс учаскесі – «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» ха­лықаралық транзиттік дәлізінің Та­раз қаласын айналып өтетін 483-тен 536 шақырымындағы Ал­маты–Қордай–Благовещенка-Меркі-Тер­мез бағытын алып жатыр. Әлбетте, жұмыс ауқымы үл­кен. Жол сапасына да өкпе жоқ. Бірақ...

«КСС»-тің филиалын тексере келгенде корейліктердің де «қол­дан келсе қоныштан ба­суға» бейіл екені анықталды. Мы­са­лы, үстіміздегі жылдың 11 қыр­күйе­гін­дегі №0081569 рұқ­сат қағазда Корей елінің азаматы Джон Джонг Ебтің лауазымы «аспаптар бойынша инженер» (инженер по инстру­менту) деп көрсетілгеніне қа­рамастан оның «слесарь» болып жұ­мыс істеп жүр­гені әшкере болды. Бұл бер жағы. Арғы жағы тіпті «қызық».

«Батпан құйрық, айдалада ол неғылған жатқан құйрық?» де­мекші, қазақстандық жұмыс­шылар мен шетелдік жұмыс­шы­лардың ай­лық жалақыларының арасында да аспан мен жердей айыр­машылықтар бар екен. Мы­са­лы, Қазақстан азаматтары: жаб­­дық­тау­шы А.Тастанбеков, офис-менеджері А.Жылқыбаева, фельд­шер Л.Сафарова ай сайын 50 мың, ал тау жұмыстары бөлімінің бастығы С.Көшімбетов 165 мың теңге көлемінде жалақы алса, корей азаматтары: техникалық бөлімнің бастығы Ли Тхэ Енг – 856 000, тағы бір техни­ка­лық бөлімнің бастығы Цой Кенг Сик – 619 000, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Чо Донг Чон – 998 000, тағы бір күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Янг Сынг Сонг – 842 000, сапа жөніндегі инженер Янг Сынг Мо – 643 000, тағы бір сапа жөніндегі инженер Ким Сонгук – 741 000 және тағы бір сапа жөніндегі инженер Ли Чанг Хун – 608 000 теңге жалақы алып отырған. Көріп отырғанымыздай, қазақстандық жұмысшыларға қарағанда Корея­дан келген жұмысшылардың ай сайын алатын жалақыларының көлемі 10 есе көп.

Айтайын дегеніміз, «КСС En­gi­neering&ConstructionCoLtd» АҚ филиалы басшылығының бұл алақолдылығы – фирма қыз­мет­кер­лерінің еңбекақы жөніндегі заңды құқын өрескел бұзып отыр­ғанын көрсетеді. Ендеше, қалай «Мәссаған, безгелдек!» демессің.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

_______________________________

Суретті cалған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.