Әлем • 04 Қазан, 2020

Камчатка жағажайында теңіз жануарлары шетінен қырылып жатыр

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Камчатка жағажайында теңіз жануарларының өлі денесі жағалау беттеріне толып қалған. Мұндай экологиялық апаттың фотосуреттері мен видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Камчатка жағажайында теңіз жануарлары шетінен қырылып жатыр

Жағалауда жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбадан өлген балық, шаян, сегізаяқ, итбалықтарды көруге болады.

1

Greenpeace Russia-ның мәліметінше, осы жайт Камчаткадағы кәсіби серфингшілер жиналатын туристік орталық Халактырский жағажайында болған. Халактырский жағажайындағы судың түсі өзгеріп, адам денсаулығына қауіп төндіріп жатқанын айтады. Соңғы бірнеше аптада суға түскен адамдардың тамағы ісіп, кейбіреуінде улану деректері келтірілген.

Су сынамаларын тексерген мамандар мұнай өнімдері төрт еседен, ал фенол 2,5 еседен артық екенін анықтады. Бірақ ластану көлемі әлі анықталған жоқ.