Өйткені Қазақстан тұтынатын осындай маркалы бензиннің үштен біріне жуығын сырттан тасиды екен. Нақты айтқанда Ресейден. Әлемде мұнай бағасы тұрақтана бастаған соң, көрші мемлекет валютасы да нығая түскен. Сол себепті баға біршама көтерілген.
Ал Ақмола облысында бензиннің бір литрінің бағасы 145 теңгеге дейін қымбаттап кетті.
"Ресей рублінің өскенімен байланысты. Егер жаңа жылдың алдында ол 5,1-5,2 болса, қазіргі таңда ол 5,6-ға көтеріліп жатыр. Соған байланысты ол нарыққа әсер етіп отыр. Сондықтан баға осындай," - дейді ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов.