Теннис • 05 Қазан, 2020

«Вердер» сапында жеңіске жетті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен неміс бундеслига­сында сынға түсетін Кирилл Гераси­менконың командасы үшінші айналымда жеңіске жетті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

«Вердер» сапында жеңіске жетті

Бремендік «Вердер» клубында ойнайтын Герасименко «ТСВ Бад-Кенигсхофен» клубының намысын қорғаған Килиан Ортоны 3:1 есебімен жеңіп кетті. Килиан жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанған азулы қарсылас екенін айта кеткен жөн. Кездесу нәтижесі бойынша «Вердер» 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.