Аймақтар • 05 Қазан, 2020

ҚАЖД қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетуді басты назарда ұстап келеді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарттар күнін мерекелеуді ұйымдастыру Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті ГМ-172/10 мекемесі басшылығы мен қызметкерлері тарапынан қолдау тауып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚАЖД қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетуді басты назарда ұстап келеді

Мекеме басшылығы мен қызметкерлері ішкі қызмет подполковнигі, Шлекенов Мухамедьяр қарияның үйіне құттықтап барды.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Жасталап Ерсайынұлы Басаров  құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Ол ҚАЖ департаменті ұжымының атынан алғыс хат тапсырып, құттықтау барысында қызметкерлер тарапынан қарттың үйіне жеміс-жидек, азық түлік жеткізілді.

82 жастағы Мухамедьяр қарт өзінің отбасымен таныстырып, өткен қызмет еткен күндерін еске алып, жас қызметкерлерге үлкен ынта жігер сыйлады.

"Қарттар – қазынамыз. Оларды құрметтеу, ақыл-кеңесін тыңдау, қолдау көрсету - біздің ұдайы назарымызда. Бүгінгі Мухамедьяр қартты құттықтауымыз бұл істің басы емес, бұрынғы ізгі шаралардың жалғасы және мұндай игілікті іс-шаралар бұдан әрі де өз жалғасын таба бермек", дейді ГМ-172/10 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Е.Е. Джигитов.

 

Маңғыстау облысы