Әлем • 05 Қазан, 2020

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды. Белгілі сыйлық лауреаттарға С гепатиті вирусын ашқаны үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Ольтер, Райс және Хоутонның ашқан жаңалығы С гепатитімен күресте маңызды рөл атқарады. 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А гепатиті мен В гепатитінен басқа, оларға ұқсас тағы бір ауру бар екенін көрсетті. 

Еске сала кетейік, биыл Нобель сыйлығы пандемияға байланысты онлайн табысталады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтті. Марапаттар жеңімпаздарға елшіліктер немесе университеттер өкілдері арқылы беріледі.