14 Сәуір, 2010

ТҰРАҚТЫЛЫҚТАН ҚЫМБАТ БАЙЛЫҚ ЖОҚ

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы күндері Қыр­ғыз­станда болған оқи­ғалар бәрімізге ауыр тиіп, алаңдатушылық тудырып отыр. Қару­лы қақтығысқа соқ­тыр­­ған саяси қайшы­лық­тар тұрақсыз­дыққа алып келді. Адамдар мерт болып, айналаны от шарпып жат­қан­да оған қандай да бір түсінік­теме беріп, сөз табу өте қиын. Адам өмірінен, тұрақтылық пен тәртіп­тен құнды не бар дейсіз? Бұл оқиға алыс-шалғайда емес, өзіміздің көршіміз, ағайын халық – қырғыз елінде болуы біз үшін өте ауыр. Қырғызстандағы қайғылы оқи­ғалар қоғамдағы тұрақ­ты­лық пен халық бірлігі қай елдің, қай мем­ле­кеттің болса да дамуының бас­ты шарты екендігін, сондай-ақ, қандай да саяси проблемалар мемлекетті тұрақсыздан­дырып, қоғамды ыдырату мен азаматтарды бір-біріне қарсы қою есебінен шешілуі мүмкін емес екендігін тағы бір көрсетті. Тек әлеуметтік мәселелерді бірізді шешу, тиімді экономи­ка­лық саясатты іске асырып, үйле­сім­ді ішкі саясатты жүргізу ғана қоғамдық келісімге қол жеткізіп, мемлекеттің табысты дамуына жағдай жасайды. Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, “Нұр Отан” ХДП Төрағасы­ның бірінші орынбасары.