Үлкен қашықтық Абай шығармашылығын бағалаушылар үшін кедергі болған жоқ. Ұлы қазақ философы мен ағартушысының 175 жылдық мерейтойына орайластырылған онлайн-іс-шара екі елдің академиялық топтары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің басын қосты.
Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Роман Василенко Абайдың «Қара сөздері» қазақ және әлем әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. «Қазақ тілінен аударғанда бұл атау өзінің терең философиялық мағынасы бар және оның даналық сөздерінің сыни, тіпті өзін-өзі сыни сипатын көрсететін «Қара сөздер» дегенді білдіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және 21-ші ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бұл туралы, сондай-ақ Абай шығармашылығының қазіргі Қазақстан үшін нені білдіретіні туралы өте анық айтқан болатын. Бұл кітапты басып шығару словактарға қазақтардың тарихы мен қазіргі Қазақстанды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді және біздің екі халқымыз бен екі елімізді одан да жақындатады деп үміттенеміз», − деді қазақстандық дипломат.
Шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және қазір словак оқырмандары үшін алғаш рет ашылуда.
Жаңа кітаптың даналары словак жоғары оқу орындарының кітапхана қорларына және Словакияның қоғамдық кітапханаларына жіберілетін болады.