Аймақтар • 05 Қазан, 2020

"Балықшыларды бақылау" рейді жүргізілді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күздің қара суығы басталған сәттен Солтүстік Қазақстанның Төтенше жағдайлар қызметіне тағы бір алаңдаушылық қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Балықшыларды бақылау" рейді жүргізілді

Ол – балық аулау мен мен жыл құстарына аңшылықтың басталуы.

Аңшылықтың қызығына түскендер судың ішінде жүзгенде атқан құстарын жинаймыз деп сақтықты ұмытып жатады. Осындайлар кейде трагедиялық  жағдайларға соқтырады. Жаз күніндей емес, қайықтан ауып түскендер болса суық суда жүзіп кете алмай, қайғылы жағдайға тап болуы мүмкін.  

Сондықтан ТЖ қызметкерлері аңшылар мен балықшыларға суда жүзгенде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Соның ішінде алкогольді ішімдіктер ішіп, қайыққа отырмауларын қатты қадағалайды. Өткен демалыс күндері рейдке шыққан ТЖ қызметкерлері Есілде балық аулап және құс атып жүрген 12 қайықшыны ескертіп, қолдарына жадынамалар тапсырды.