Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Акварельді фреш» деп аталатын айрықша көрме ашылды. Өнер ұжымы мен Қазақстан суретшілер одағы бірлесе ұйымдастырған бірегей жоба қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Акварель әлемін жай ғана шым-шытырық шимайлар десеңіз, қателесесіз. Кәсіби суретшілердің танымына салсақ, бұл – кескіндемедегі ең күрделі әдістердің бірі. Минималды құралдар мен максималды мәнерлікті жымдастыра отырып, әлемді барлық түстерде нәзік түрде көрсете алатын да осы бір жанр. Жеңіл әрі қозғалмалы кескіндеме саналса да, ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететіні тағы бар.
Қазақ даласының сұлулығы, көз тұндырар тұмса табиғат суретшілер кенебіндегі басты тақырыпқа айналған. Ең бастысы, шығармашылықтары мен темпераменттері әртүрлі шеберлердің күрделі әрі көпқырлы техникада орындаған шығармалары әр дарынның өзіне ғана тән мәнерін әйгілеп тұрғандай. Көрерменді осынау сиқырлы өнердің тереңіне бойлатуды мұрат тұтқан өнер жәрмеңкесіне қазақстандық үздік акварель шеберлерінің жүздеген картинасы қойылыпты. Көрме қабырғасынан Елена Иоктон, Абай Чунчалинов, Анна Петракова, Лидия Дроздова, Светлана Кравченко, Оксана Шольц, Елена Попова, Олена Коломыцева, Наталья Дубовая, Перизат Есназарова, Дина Гаитова, Максим Ведерников, Игорь Баграмов, Руслан Абрафиков, Ольга Салькова, Рашид Кулбатыров, Қанағат Кодеков, Камила Лаптева-Тулешова, Дәурен Қастеев, Рауан Сүлейменов, Мұхтар Сыздықов, Мақсат Қантарбаев, Майса Ықыласова, Төлеуғазы Байғалиев, Оразалы Жәнібек, Марлан Нысанбаев сынды талантты суретшілердің бірегей қолтаңбасын тамашалауға болады.
Әсіресе пейзаж, портрет, натюрморт, сюжеттік және дерексіз композициялар көрменің тақырыптық мазмұнын аша түскен. Архитектуралық сюжеттер, этникалық мотивтер және қарапайым адам өмірі – акварель суретшілерінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін шынайы көрсетеді.
– Акварель техникасы суретшілер мен осы өнерді бағалаушылар үшін қай кезде де ең тартымды тетік болып қала береді. Бұл туындылар қағазға жазыла салған жай кескіндер емес. Әр шығарма тапқырлық пен батылдықтың, асқақ сезімнің жемісі. Аталған көрмеге Қазақстанның түрлі қалаларынан, Отанымыздың түкпір-түкпірінен нағыз шебер суретшілердің картиналары қойыла отырып, акварель өнері туындыларының кең палитрасы түзілді деп айта аламыз. Әр шығармада жоғары сапа белгісі бар, ал күрделі стиль әр суретшіні акварельдің бейнелеу өнерінде бөлек орынға қояды, – дейді Мемлекеттік Орталық музейінің қызметкері Сұлушаш Ағелеуова.
Алуан түсті бояулар балалар үшін көркемдік талғам қалыптастырып, әсемдікті сезінуге, шығармашылық қабілетін дамытуға баулиды. Сондай-ақ мұндай туындыларды тамашалау арқылы кішкентай көрермендер іскерлік дағдыларын ашудың баспалдағынан өтеді, дейді өнертанушы мамандар.
АЛМАТЫ
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар