Коронавирус • 06 Қазан, 2020

Коронавирус жұқтырған 86 адамның жағдайы нашар

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған 1851 адам стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 86 адамның жағдайы нашар

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 180 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 851 науқас жатыр. 1 329 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 86 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен 7 адам тіркелді. Өкінішке қарай 1 адам қайтыс болды, 10 науқас жазылып шықты.

Айта кетейік, 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 33 615-ке жетті, 361 адам қайтыс болды, барлығы 27 517 пациент сауығып шықты.