Ақтөбеде “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының форумы өтті. Оған партияның облыстық филиалы басшылары, бастауыш ұйымдар төрағалары, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, облыстық департаменттер мен басқармалар, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары, “Жас Отан” жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты.
Форумда партияның 2009-2012 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру барысында белсенді іс-қимыл танытып жүрген партияның бастауыш ұйымдары арасында өткізілген конкурс қорытындысы шығарылды. Қазанғап атындағы өнер мектебінің бастауыш партия ұйымы І дәрежелі дипломмен, “Трансэнерго” АҚ және Алғадағы балалар үйінің бастауыш партия ұйымдары ІІ дәрежелі дипломмен, ал Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы мен Мәртөк ауданындағы Қараталсай ауылдық округі бастауыш партия ұйымдары ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Бірқатар бастауыш партия ұйымдарына алғыс хаттар тапсырылды.
Содан кейін “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркеш Қалиев “Нұр Отан” ХДП ХІІ сьезінің шешімдерін орындау жолындағы Ақтөбе облыстық филиалы бастауыш ұйымдарының рөлі мен міндеттері” жайында баяндама жасады.
Форумға қатысқан “Нұр Отан” ХДП инновациялық комитетінің төрағасы Әділбек Ысқақ “Партияның бастауыш ұйымдары – саяси жұмыстың өзегі. Олар алғы шепте болуы керек.Партия құрамына келсек, қазір бастапқы жылдардағыдай сан маңызды емес, сапа бірінші орында болуы қажет, – деп ой түйді.
Жиында “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының партиялық жұмысты жетілдіруге және жандандыруға байланысты ұсыныстары қабылданды. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова қатысты, жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Балғали Ордабаев жүргізіп отырды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе.