Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Жылқы ұрлаған күдікті шекарашылардың қолына түсті

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында шекарашылар жылқы ұрлаған азаматты ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жылқы ұрлаған күдікті шекарашылардың қолына түсті

Шекара күзетінде тұрған әскери бөлімшеге 3-қазанға қараған түні Қарабалық аудандық полиция бөлімінен екі бас жылқының ұрланғаны туралы ақпарат түседі. Шекарашылар мен ішкі істер қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көп уақыт өтпей жылқылардың Ресей шекарасына жақын маңда байлаулы тұрғаны анықталады. «Тобыл» және «Әйет» шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері  жылқыларды бірден айдап кетпей, ұрының оралуын күтеді. Осылайша, сол маңдағы қалың қамысқа бой тасалайды.

"2020 жылғы 3-қазанда таңертең өзі ұрлаған жылқыларды алып кетуге келген Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Аталмыш оқиғаға қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Қостанай облысы