Оқиға • 06 Қазан, 2020

Рудныйда салмағы 6 келілік торсықтай бала дүниеге келді

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында салмағы 6,1 килограмм, бойы 57 сантиметр сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Рудныйда салмағы 6 келілік торсықтай бала дүниеге келді

1 қазанда Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында 35 жастағы Динара Ержанова Елжан есімді батырды дүниеге әкелді.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің басшысы Людмила Төлебаева айтып өткендей, оның көпжылдық жұмыс тәжірибесінде мұндай бала алғаш рет өмірге келген екен.

"Елжан есімді сәбиді кесар тілігімен дүниеге әкелдік. Елжан – отбасындағы төртінші бала. Әуелі шақалақтың үлкен екенін байқадық, бірақ мынадай батыр баланы күтпедік. Ана мен балаға денсаулық тілейміз", деп ағынан жарылды дәрігер", дейді Людмила Төлебаева.

"Бастапқыда дәрігерлерге сенбедім. Салмағының 6 келіден асатынын болжаған да емеспін. Тұңғышым мен екіншімнің салмағы 3,8 келі шамасында, одан кейінгісі 4,6 келі болды. Елжанның жағдайы жақсы. Бүгін үйге шығарып қалуы тиіс. Құттықтап жатқан жандарға, жанымда болған дәрігерлер қауымына алғысым шексіз", деді Динара Ержанова.

Соңғы жаңалықтар