Штат губернаторы Эндрю Куомо Бруклин және Куинс кварталдарында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейгендіктен, мектептерді жабуға бұйрық берді. Оған қоса, білім мекемелерінің жұмысын тоқтату туралы ұсынысты Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио де қолдап отыр.
Ал Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің мамандары, кейбір адамдар коронавируспен мүлдем ауырмауы мүмкін екенін және ағзадағы иммунитеттің мутацияға ұшырауынан аталған ауру денеге кіре алмайтынын жеткізді.