"Абай "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деп, ХІХ ғасырда-ақ бірлік арқылы күллі адамзаттың көшіне ілесе білуге шақырды. Бұл кемеңгер тұлғаның көрегендігінің белгісі еді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында мен әрбір сөйлеген сөзімде ел бірлігі, ұлт татулығы мәселесін ұдайы еске салып отыратыным сондықтан. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында: "Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз", – деген едім. Осы қағида – менің ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымымның бірі", делінген Елбасының мақаласында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше