14 Сәуір, 2010

ҚАЙҒЫЛАРЫНА ОРТАҚТАСТЫ

572 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған бір топ палата депутаттары Польша Республи­касының Қазақстандағы елшілігінде болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Төраға Польшаның біздің елі­міздегі дипломатиялық миссиясы­ның өкілдері мен бүкіл поляк хал­қына Польша Республикасының Пре­зиденті Лех Качиньскийдің, оның зайыбы Мария Качиньска­ның, Сенат және Сейм депутат­та­ры­ның, сондай-ақ Польшаның жоғары лауазымды адамдарының қайғылы жағдайда қаза болуына орай көңіл айтты. “Сіздердің қайғыларыңызды бөлісе отырып, Смоленск маңын­да болған әуе апатынан қаза бол­ған­дар­дың отбасы­ларына, туыс­та­ры мен жақындарына көңіл айта­мыз”, – деді Қ.Тоқаев. Одан басқа Төраға өзінің поль­­ша­лық әріптесі – Польша Сенаты­ның басшысы Богдан Борусевичке көңіл айту жедел­ха­тын жолдады. “Қазақстан Республикасы Пар­­ламенті Сенатының депутат­тары 2007 жылғы Астанаға ресми сапары ба­рысында Прези­дент Качиньский­мен кездесуін жылы шыраймен ес­ке алады. Польша басшысы біздің жадымызда өз өмірін отанына және Польша халқына қызмет етуге арнаған көрнекті саяси қайраткер және патриот болып қалады”, делінген жеделхатта. *  *  * Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 12 сәуірде Польшаның Қазақстандағы елші­лігінде болды. Үкімет басшысы авиация апатында Польша Президенті Лех Качиньский­дің, оның зайыбының, елдің көр­некті саяси, азаматтық, діни басшы­лығы өкілдерінің, сондай-ақ олармен бірге бол­ғандардың қайғылы жағдайда қаза табуына байланысты марқұмдардың туысқан-ту­ған­дарына, бүкіл поляк халқына көңіл айтты. – Біздің Мемлекет басшысының және Қазақстан Үкіметінің атынан қатты қайғырып көңіл айтамыз және поляк халқы осы қасіретті еңсеріп, Польша бұрын белгіленген жолмен одан әрі дамуы үшін өз бойынан күш-жігер және батылдық табады деп санаймыз, – деді Премьер-Министр Қазақстандағы Польшаның дипломатиялық миссиясы өкілдеріне. *  *  * ЕҚЫҰ-ның Іс үстіндегі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Польша халқына және Ресейдің Смоленск қаласы маңындағы авиация апатынан қаза тапқандардың отбастарына көңіл айтты. “Мен Польша халқына және авиация апатында қаза тапқандардың отбастарына қатты қайғырып көңіл айтамын. Осынау қиын сәттерде біз сіздермен бірге қайғырамыз”, – делінген көңіл айту мәтінінде. *  *  * Смоленск облысындағы Катынь зиратына барып, осы жерде жа­зық­сыз опат болған отандастарына тағ­зым етуді мақсат еткен Польша Рес­публикасының Президенті Лех Качиньский мен жұбайы, көптеген делегация мүшелері мінген ұшақ­тың әуе апатына ұшырап, барлығы­ның қаза болғаны туралы хабар қа­зақ­стандықтарды қатты күйзелтті. Осы аса ауыр сәтте “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партия­сы­ның атынан достас Польша халқына, қаза бол­ғандардың туыс­тары мен жақын­дарына шын жүректен қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. “Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық партиясының Саяси кеңесі.