Спорт • 07 Қазан, 2020

Жаттығуды аяқтады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биатлоннан Қазақстан командасы бір айға созылған жаттығу жиындарын аяқтады. Бұл туралы коман­даның бас бапкері Мақсат Шаранов мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жаттығуды аяқтады

Ұлттық құрама мүшелері 3 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы облысының Тал­ғар ауданындағы «Алатау» спорт ке­шенінде жаттыққан болатын.  «Жиын ой­дағыдай, өте жоғары деңгейде өтті. Спорт­шылар карантиннен кейін қалпына келді деп айта аламын. Енді азғантай үзіліс­тен соң, Ресейдің Түмен қаласына барып дайындалсақ деген жоспарымыз бар. Атал­ған қалада жасанды қар төселгендіктен, жаттығу ыңғайлы болмақ. Бірақ әлі нақты жа­уап­ты айта алмаймын. Бәрі елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты болмақ», дейді бас бапкер. 

Жаттығу жиындарына жалпы 11 спортшы қатысты.