Футбол • 07 Қазан, 2020

«Ноу Кампта» доп тебеді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан жастар құра­масының жартылай қорғаушысы Дми­трий Бачек Испанияның «Унион Де­портиво Побленсе» клубына ауысты.

«Ноу Кампта» доп тебеді

19 жастағы Қарағанды футбол мектебінің түлегі былтыр «Шахтер» құрамында өнер көрсетіп, 2019 жылғы футбол маусымының соңында командадан кеткен болатын. 2020 жылдың басында Хорватияның «Хайдук» клубына ауысуға жақын тұрған еді, алайда хорваттар оны трансфер кезеңі жабылғанға дейін команда тізіміне қосып үлгермеді.

Былтыр Қазақстан жастар құрамасының ең үздік ойыншыларының бірі атанған Бачек жыл басынан бері клубсыз қалған соң U-21 құрамына шақырту алған жоқ. Айта кетейік, отандасымыз доп тебетін «Побленсе» клубы Испанияның B Сегундасында (деңгей бойынша үшінші лига) өнер көрсетеді. Аталған команда өз алаңындағы ойындарын «Ноу Камп де Са Побла» стадионында өткізеді.