Парламент • 07 Қазан, 2020

8 қазанда Сенаттың кезекті отырысы болады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 8 қазанда, бейсенбі күні сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қазанда Сенаттың кезекті отырысы болады

Күн тәртібіне келесі мәселе ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режімде көрсетіледі.