Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Атырау облысында жүргізуші 75 келі бекіремен ұсталды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, "Бекіре" алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыөзек ауылының  тұсында "Lada Priora" автокөлігі тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында жүргізуші 75 келі бекіремен ұсталды

"Исатай ауданының 48 жастағы  тұрғыны басқарған көліктен жалпы салмағы 75 келі 600 грамм бекіре тұқымдас балық табылды. Бағадды бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Ірі көлемдегі балықтың жүргізушіге, әлде  көлікте отырған  28 жастағы азаматшаға тесілі екені анықталуда. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Бекіре" іс-шарасы басталған 10 қыркүйектен бері 105 құқық бұзушылық, оныӊ ішінде 102 заӊсыз балық аулау, балық өнімдерін тасымалдаудың 3 фактісі анықталып отыр. Құқық бұзған 109 азамат ұсталды. Ал, заңсыз айналымнан 1 тонна 734 келі  балық (оныӊ 1 тонна 95 келі бекіре тұқымдас балық), 2 келі қара уылдырық тәркіленді.