Оқиға болған жерге жедел жеткен өрт сөндірушілер алты адамды құтқарып, 18 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың арасында 10 бала болды. Өрт болған жерде төтенше жағдай департаментінің 32 қызметкері, сегіз техника бірлігі және апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмыс істеді.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек үш бірдей адамы қаза болған отбасына, олардың туған-туыстарына әлеуметтік желілер арқылы көңіл айтты.
"Бұл орны толмас қаза. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", деп жазды өңір басшысы өзінің фейсбук парақшасында.
Қарағанды облыстық ТЖД хабарлағандай, алдын ала тексерудің қорытындысы бойынша өрттің шығуына электр жылытқышты қауіпсіздік шараларын дұрыс қолданбай пайдалану себеп болған.