Кәсіпқой бокс • 08 Қазан, 2020

Экс-чемпионмен жұдырықтасады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық Matchroom Boxing про­моутерлік компаниясы қазақ­стандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі қарсыласын хабарлады. Ол – әлемнің экс-чемпионы Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

Экс-чемпионмен жұдырықтасады

37 жастағы намибиялық – бірінші жартылай орта салмақта үш нұсқа бойынша (IBF,  IBO және WBA (Super)  әлем чемпионы атанған әккі боксшы. 2017 жылдың тамыз айында ол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін америкалық Теренс Кроуфордпен (36-0, 27 КО) жұ­дырықтасып, алғаш рет жеңілді. Бір жыл­дан кейін тағы бір америкалық бокс­шы Реджис Прогрейстен ұтылған. Ал ең кейінгі жек­пе-жегін 2019 жылдың тамыз ай­ында Карлтавиус Джонсонмен өткізіп, (4-2) жеңіске жеткен.

Бүгінге дейін тоғыз рет шаршы алаңға шығып, барлық қарсыласынан басым түскен отандасымыз ең кейінгі жекпе-жегінде америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген.

Елеусінов-Индонго арасында айқас 27 қарашада Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өтеді. Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйым­дастырылуы тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты кейінге шегерілген-тін.