Спорт • 08 Қазан, 2020

Будапешт татамиіне көз тігеміз

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Grand Slam турнирінің ресми түрде бас­талатынын мәлімдеді. Пан­демия басталғалы бері алғаш рет өткізілетін жарыс 23-25 қазанға жоспар­ланған.

Будапешт татамиіне көз тігеміз

Турнир Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өтеді. Жарыс барысында корона­вирустың алдын алуға арналған меди­ци­налық хаттамаға баса назар аударылады. Әлемдегі эпидемиялық жағдайға байла­нысты турнир кестесіне өзгеріс енуі мүмкін.

«Біз IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін кезді асыға күтудеміз. Турнир денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналған ғаламдық іс-шаралар аясында өтеді. Біз COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қай­та оралу үшін біз қолдан келгеннің бәрін жа­саймыз», дейді IJF президенті Мариус Визер.