Оқыту барысында ХҚКО мен Бірыңғай байланыс орталығының 300-ден астам негізгі қызметкерлері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктерін іске асырумен толығырақ танысты.
Семинарларда заңнамадағы жаңа өзгерістердің негізгі аспектілері таныстырылды. Графикалық және презентациялық Оқу материалдары ұсынылды. Мүлік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) тіркеуге және сол үшін қажетті құжаттар тізіміне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілді.