Коронавирус • 08 Қазан, 2020

Коронавирус жұқтырған 87 адамның жағдайы нашар

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 8 қазанында коронавирустық инфекциядан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 87 адамның жағдайы нашар

Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 898 науқас жатыр. 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 87 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.