Президент • 08 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Алматы облысына барды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Алматы облысына барды
"Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына.